Қызыма
Бой тұмарымдай гүлім ең қызым
Бой жеткенің бе шынымен қызым
Бағынды іздеп бара жатырсың
Әкеңнің қимас жырымен қызым
Қайырмасы:
Сүрінбе қызым, құлама қызым,
Күлімде мәңгі, жылама қызым,
Әкеңдей қамқор болар-ау деумен,
Тапсырдым сені құдама қызым.

Ақ саулесін шашқан арайлым қызым
Арыма сені балаймын қызым
Айдында жүзген аққу сезіммен
Көрмеші өмір салқынын қызым

Жанарың ңұрлы жарқыным қызым
Жарқырап жүрген алтыным қызым
Жабырқау сәттей толмағай деумен
Жаутандап саған қараймын қызым

Қайырмасы:

Тапсырдым сені құрдама қызым.-3